Қостанай облысында полицейлер шамамен 6 келі марихуана тәркіледі

Рудный қаласында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 45 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тінту барысында оның үй ауласынан және гаражынан өсімдік тектес зат салынған қап пен ыдыс табылды. Сараптама оның марихуана екенін растады.

Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның өзі де каннабиноидтарды қолданғаны анықталды.

Оған аса ірі көлемде есірткі затын сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.

Полиция еске салады: есірткі заттарын сақтау және сату ауыр қылмысқа жатады. Ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *