Қоғамдық орында балғат сөздер үшін айыппұл Қазақстанда 4 есе өсті

6 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер күшіне енеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Енді мат үшін айыппұл 69 мың теңгені (бұрын 17 250 теңге болған) немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды құрайды.

Балағат сөздер үшін қандай жаза қарастырылған, азаматтарға қалай және қайда айыппұл салынады, деп бұған дейін ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхайырұлы айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, түзетулер алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Президент түзетулерге 2023 жылдың 3 қаңтарында қол қойды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *