Ақсақалдар кеңесінің төрағасы сайланды

Бүгін Рудный қаласы Ақсақалдар Кеңесінің, консультативтік — кеңесші органның бірінші отырысы өтті. Кеңес құрамына қаланың Құрметті азаматтары қатарынан 11 адам, сондай-ақ өмірлік тәжірибесі мол, қызметтің әртүрлі салаларында үлкен еңбек өтілі бар, Рудный қаласында тұратын түрлі этнос өкілдерінің беделді де беделді еңбек ардагерлері енді.

Кеңесті басқару қызметі көпшіліктің даусымен Тілеуғабылов Жаңбыршы Тұқатұлына сеніп тапсырылды. Төрағаның орынбасары болып білім беру саласының ардагері Заскалько Александр Владимирович сайланды. Күн тәртібінде этносаралық және конфессияаралық келісімді, халықтың ынтымағы мен бірлігін нығайтуға, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған бұл консультативтік-кеңесші органның мақсаты мен міндеттері талқыланды.

Жиынға Рудный қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Г.А.Ермешекова қатысып, Рудный қаласында ұлтаралық келісімді нығайту және тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *