Мемлекет басшысының елімізде жаңа инвестициялық кезеңді бастауды, оның ішінде индустрия, энергетика және құрылыс салаларында заманауи өндірістер ашу туралы тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысының Шиелі ауданында «Vigor Holding» компаниясының қуаттылығы 20 МВт күн-электр станциясы іске қосылды.

Бүгінде Сыр өңірінде жалпы қуаттылығы 151 мегаватт болатын 11 күн-электр станциясы жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта қуаттылығы 225 мегаваттан асатын тағы 7 күн-электр станциясын іске қосу жоспарланған.