№9 Шиелі аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі қайта жаңғыртудан кейін пайдалануға берілді.
«Шиелі Арена» спорт кешені заманауи талаптарға сай жаңартылып, спортшылар мен жаттықтырушыларға қажетті барлық қолайлы жағдай жасалды.