Қылмыс деңгейін төмендету үшін

Жуырда қала аумағындағы өткір мәселені кешенді шешу үшін Қостанай облысының прокуратурасы «STOP-рецидив» атты жобаға бастамашы болды.

Прокуратураның басшылығымен жергілікті атқарушы органдар, полиция және пробация қызметі өкілдерінен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Жоба әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және түзелгісі келетін сотталғандарға жұмысқа орналасуға көмек көрсету жолымен, сондай-ақ түзету жолына түспеген адамдарды толық бақылау жолымен қайта қылмыстың алдын алуға бағытталған.

Негіздеме бойынша сотталғандар шартты түрде жасыл, сары және қызыл тәуекел топтарына бөлінеді және олар бойынша тиісті қадағалау жүзеге асырылады. Жоба бойынша тұлғалар жұмысқа орналастырылып, жалақы алады, салық төлейді, ең бастысы, олар түзелу жолына түседі. Сонымен қатар, жұмыс тобының мүшелерінің айтуы бойынша қоғамға қауіп төндіретін және қылмыстық әрекеттермен айналысуды жалғастыратын адамдар да кездесуде. Мұндай адамдарға дереу алдын алу шарасы қолданылады.

Осыған орай, қалалық прокуратураның бастамасымен пробация қызметінің ұсынысын қарау шеңберінде Рудный қалалық сотында бас бостандығынан шектелген есепте тұрған сотталғандар шақырылды. Екі сотталған азаматтың жазасын ауыстыру туралы ұсыныс қаралды. Сот отырысына пробация қызметінде есепте тұрғандар да қатысты. Іс материалдарына сәйкес, екі сотталған кісі есепке қойылған сәттен бастап пробациялық бақылауды бірнеше рет бұзуға жол берген, оның ішінде бірнеше рет өз еркімен басқа жерлерге кеткен, уәкілетті органға тіркеуге келмеген. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтар орын алған.

«Рудный қаласының пробация қызметі бөлімінің басшысымен сотталған В.Карягинге қатысты жазаны ауыстыру туралы ұсыныс қаралды. Сот үкімімен анықталған 6 бұзушылықпен менің қорғаушым келіседі, бірақ бұл бұзушылықтарды ақтау үшін мынаны түсіндіреді: ол ресми түрде жұмысқа тұра алмады және бала кезінен бас жарақатын алғаннан, есте сақтау қабілеті бұзылған. Сондықтан ол бір жерде көрсетілген мерзім бойынша уақытында белгіленуді ұмытқан. Бүгінгі таңда В.Карягин жұмысқа орналастырылды, пробация қызметкерлері бұл фактіні растады. Ол жазаны өтеу тәртібін түсінгенін және онымен танысқанын түсіндіреді және сот алдында барлығын орындауына кепілдік береді және сәйкесінше оған мүмкіндік беруді, заңда белгіленген барлық тәртіпті орындай алатынын дәлелдеуді сұрайды. Осыған байланысты пробация бөлімінің бастығының ұсынысымен ашылған істі тоқтатуға және Карягинге тағы бір мүмкіндік беруді сұраймыз»,- деді сот алдында заңгер Виктория Курочкина.

Сотталушының өзі кінәні мойындайды. Қазіргі уақытта ТҚС-да доңғалақ жөндеушісі болып жұмыс істейді. Кешкі сағат 22:00-ден кейін қосымша жұмыс істегенін айтады, сол себептен үйінде болмаған. Бірақ оған ресми дәлел жоқ. Оның айтуынша, жақында жаңа пәтерге көшіп, үй иесі қолхат ұсынады және осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық іс-әрекеттерін заңды орындауға ниетті. 

Әрі қарай сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне барды. Қарау қорытындысы бойынша сот бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін 1 жыл 10 ай 11 күн мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстыра отырып, пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырды. Сотталған одан әрі жазасын тиісті орындарда өтейтін болады.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдарының мәліметінше, жазаны ауыстыруға және шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою үшін ұсыныстар түсуде. Бұл жүргізіліп жатқан жұмыстар қайталама қылмыстың үлес салмағын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сания САКТАГАН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *