Ұлтшылдық сезімі

Ұлы Түркістан деп түркшілдік, ұлтшылдық және мұсылманшылдық саясаты үшін, түгел Түрк халқының басын қосу үшін күресіп өткен арыстан мінез Мұстафа Шоқай әкеміздің әр сөзі – маңызын жоймаған өміршең мұра

Алаштың тілегін арқалаған ердің ұлтшылдық сезімі туралы мына сөзін тек қазақ баласы ғана емес, мұқым Түркістан (Өзбек, қырғыз, қарақалпақ) жастары жатқа білуі керек:

«Қорыққан бұрын жұдырықтайды» деген сөз бар. Түркістандағы орыс зұлымдарының халқымызға қарсы толассыз жүргізіп жатқан қамау, қуғын-сүргінге ұшырату, өлтіру сияқты қылмысты әрекеттері халқымызға хайуандықпен зұлымдық істей отырып, ұлтшылдық идеясынан баз кештіре алар ма? Егер кімде-кім бұл өлмес
идеяны Мәскеудің күнде өзгеріп тұратын түсі сияқты деп білсе, сөзсіз, қателескен болар еді. Ол (ұлтшылдық) – халқымыздың жаны мен жүрегі. Ұлтымыз өмір сүрсе, ол да бірге өмір сүреді. Біз, Түркістан жастары, сол үшін де «оптимиспіз» және бостандық күніміздің жақындап келе жатқанына шын жүректен сенеміз. 1930 жыл”. Ұлтшылдықтан неге қорқамыз осы?!

Тағы да рух сардары айтады: «Мемлекеттік билікті қолында ұстап отырған ұлт қана шовинизмді жүргізе алады. Өкінішке қарай, біз зынданға тасталған кінәсіз адамның халіндеміз.
Біз бұрын патшалық Ресей, қазір советтік Ресей деп аталған зынданның темір торында жатырмыз. Біз зындан қожайындарына шабуыл жасауымыз, жолымызды олардан тазартуымыз лазым. Бұл – шовинизм емес. Бұл – халқымыздың ұлттық мұраттары жолындағы күрестің табиғи бір көрінісі ғана».

Қайран да қайран әкелер-ай! Азаттық үшін, біздің еркіндігіміз үшін күрескен! Ұлтын бәрінен биік қойған. Ұлтын айрықша сүйіп, сол үшін өлімге қасқайып кеуде тосқан шаһидтерім-ай! Біздің буын, замандас сіздердің осы ерліктеріңізді біле ме?! Халқын тамырымен жойған, тілін шұбарлаған, дінін бұрмалаған шовинист орыстың тілін сүйіп, қазақтығынан жеріген қарындас-бауырға не дейін…

Алаш ұлтшылдығы – ұлтты сүю, топырақты қорғау, жерді сатпау, ана тілімізді ұлықтау.

Жасасын, Алаш, жасасын!

Елдос ТОҚТАРБАЙ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *