Әкім «Rydnyi media» ЖШС-ін алғыс хатпен марапаттады

Металлургтің мерейтойы мен қала күніне орай тұрғындар мен кәсіпорындар марапатталды

Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен «ССКӨБ» АҚ автоматтандыру және ақпараттық технологиялар цехының зертхана бастығы О. А.Подукова, «ССКӨБ» АҚ «Соколовская» шахтасының Соколов бағытының техникалық басшысы Г. А. Пятков және «ССКӨБ» АҚ Сарыбай карьері экскаватор машинисінің көмекшісі А. Н. Якубенко марапатталды.

Рудный қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен «Рудненский водоканал» ЖШС ардагерлер ұйымының төрайымы Н.А. Герасева, N 13 мектептің оқушысы, спорттық құзға көтерілуден спорт шебері Сәуле Қалбанова, N 3 мектеп директорының орынбасары Н.В. Старикова, N13 мектептің оқушысы, спорттық құзға көтерілуден спорт шеберіне кандидат Доминика Стефанович, «ТИС»тұтынушылар кооперативі учаскесінің санитарлық-техникалық қызмет көрсету бригадирі Ж.К. Тілеуов марапатталды.

Белсенді азаматтық ұстанымы, объективтілік және қала өміріндегі маңызды оқиғаларды уақтылы жариялағаны үшін Рудный қаласы әкімінің алғыс хаттарымен «RYDNYI media» ЖШС, «ССКӨБ» АҚ ақпараттық орталығы, «Позитив Студия» ЖШС, «Город»интернет-порталы марапатталды Рудный қаласында және одан тыс жерлерде белсенді шығармашылық қызметі және мәдениет пен өнерді дамытуға және насихаттауға зор үлес қосқаны үшін жеке кәсіпкер В.А. Качур және Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының операциялық медбикесі А. Б. Полякова қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *