Әуежайларда FlyArystan рейстеріне тіркелу ақылы болды

Сіз онлайн режимінде тегін тіркеле аласыз

10 қаңтардан бастап Қазақстанның барлық әуежайларында FlyArystan рейстеріне тіркелу ақылы болды, деп еске салды авиакомпанияда.

Енді әуежайда лоукостердің рейстеріне тіркелу, егер жолаушы алдын ала төлем жасаса, 500 теңге немесе ұшар алдында терминалда төлем жасаған кезде 1000 теңге тұрады.

FlyArystan қосымшасында немесе сайтында онлайн тіркелу ТЕГІН болып қалады.

«Біздің халықаралық бағыттарымызда онлайн тіркелу уақытша қолжетімсіз, сондықтан әуежайда халықаралық рейстерде тіркелу әзірге тегін», — деп қосты авиакомпаниялар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *