Бүгін “Нұр” мешіті ұжымы соғыс ардагері Екібаев Ильяс Аманұлын 100 жылдық мерейтойымен арнайы барып, құттықтап қайтты.

Бас имам Серік Темірбекұлы және мешіт ақсақалы Абай ата батыр атамызға ізгі тілектерін жолдады.
Ильяс Екібаев – 5 қыз, 1 ұлдың әкесі, 13 немере, 27 шөбере, 2 шөпшек, яғни 5 ұрпақтың қадірлі қариясы. Ол кісі кезінде Рақымжан Қошқарбаевпен бірге майданда болған. Қазір жағдайы жақсы, денсаулығы мықты, жүзі жарқын.

— Кездесу барысында ата өткен майдандас достарына да Құран бағыштатты. Бізге ақ батасын беріп: “Тағы да келіп тұрыңдар, қарақтарым,” – деп ақжарма ниетін білдірді. Алла атаға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, берекелі өмір нәсіп етсін! ,- деп жазады мешіт баспасөз бөлімі.