11 шілдеге ауа райы: Қазақстанда өте ыстық, өрт қаупі жоғары

Төрт облыста төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды ақпараттық бюро

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, ауа температурасы түнде 13-15 градус, күндіз 26-28 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді, жел 3-8 м/с, екпіні 13 м/с, түнде ауа температурасы 18-20 градус, күндіз 27-29 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с, ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 33-35 градус жылы.

Ақтауда жауын-шашынсыз, 9-14 м / с жел тұрады, ауа температурасы түнде 23-25 градус, күндіз 35-37 градус нөлден жоғары. Облыс бойынша дауылды ескерту жарияланды: 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбеде жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с, ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 30-32 градус ыстық. 11 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Шығыс, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағай ойнап, екпіні 16 м/с жетеді, Облыстың батысы мен оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста дауылды ескерту жарияланды.

Атырауда жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 36-38 ыстық. 11 шілде күні күндіз Атырау облысында 39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Дауылды ескерту жарияланды.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді, жел 3-8 м/с, екпіні 15 м/с дейін жетеді, ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 24-26 градус.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с, ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 28-30 градус жылы. Түнде шығыста, күндіз солтүстікте, шығыста, Ақмола облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жел соғады.

Қостанайда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 30-32 градус жылы. Таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз батыста, облыс орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылордада жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с, ауа температурасы түнде 20-22 градус, күндіз 32-34 ыстық. Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел күндіз облыс орталығында 15-20 м/с, облыстың басым бөлігінде, соның ішінде Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодарда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 29-31 градус жылы. Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыста дауылды ескерту жарияланды.

Петропавлда найзағай мен бұршақ күтіледі, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 17-19 градус, күндіз 29-31 градус жылы болады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан күндіз жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 31-33 ыстық. Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таулы аймақтарда жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с, ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 34-36 градус жылы. Түркістан облысының таулы асуларында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, солтүстікте Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Оралда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, ауа температурасы түнде 17-19 градус, күндіз 33-35 градус жылы. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі болжанады.

Өскеменде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с, ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 30-32 градус жылы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *