18 ақпанда «Рудный су арнасы» ЖШС еңбек ұжымымен конституциялық реформаны талқылауға арналған «Жаңа Конституция: азаматтар үшін негізгі өзгерістер» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Рудный қалалық мәслихатының төрағасы А.Қ. Искаков негізгі заң жобасында көрініс тапқан өзгерістер мен жаңашылдықтарды жан-жақты түсіндірді. Қатысушыларға құқықтық мемлекет қағидаттарын одан әрі нығайтуға, билік институттарының рөлін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған конституциялық реформаның мақсаттары мен міндеттері баяндалды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, өзекті сұрақтарға жан-жақты жауап алды.