Көрсетілген нормаға сәйкес, қылмыстық жазаланатын әрекет деп зорлық-зомбылық қолданумен ұштаспайтын, бірақ құқықтарына, заңды мүдделеріне не психологиялық жай-күйіне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан, оның еркіне қайшы келетін байланыс орнатуға және (немесе) ізіне түсуге бағытталған жүйелі іс-әрекеттерде көрініс табатын қудалау танылады.
Мұндай әрекеттерге, атап айтқанда, телефон қоңыраулары, хабарламаларды жүйелі түрде жіберу, бақылау, тұрғылықты жерінің, жұмыс орнының немесе басқа да орындардың жанында күту, сондай-ақ қудалаудың басқа түрлері кіреді.
Сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу азаматтарды құқыққа қайшы мінез-құлықтың алғашқы кезеңдерінде қорғауды қамтамасыз етуге, зорлық-зомбылықтың өршуіне жол бермеуге, сондай-ақ қоғамда қудалаудың агрессивті және зорлық-зомбылық түрлеріне нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бабының санкциясы екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жазаны көздейді.
Осыған байланысты Рудный қаласының прокуратурасы азаматтарды сталкингтің көріністеріне бей-жай қарамауға шақырады.
Мұндай жағдайлар туындағанда, заңда көзделген ден қою шараларын қабылдау үшін дереу ішкі істер органдарына хабарласу қажет.
Рудный қаласының прокуратурасы