2026 жылғы 6 наурызда «Рудный қалалық аумақтық әлеуметтік арнайы қызметтер көрсету орталығы» КММ кездесу өтті

2026 жылғы 6 наурызда «Рудный қалалық аумақтық әлеуметтік арнайы қызметтер көрсету орталығы» КММ әлеуметтік сала өкілдерінің қатысуымен «Конституция – әділетті мемлекеттің негізі» тақырыбында конституциялық реформаны түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңартылған мәтініндегі негізгі ережелер түсіндіріліп, жүргізіліп жатқан реформалардың әділетті әрі әлеуметтік бағыттағы мемлекетті нығайтудағы маңызы айтылды. Сондай-ақ конституциялық өзгерістер халықты әлеуметтік қорғау қағидаттарын күшейтуге, әлеуметтік қызметтер жүйесін дамытуға және көмекке мұқтаж азаматтар үшін мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Кездесу соңында ашық диалог ұйымдастырылып, қатысушылар әлеуметтік жүйені одан әрі жетілдіру және халықты әлеуметтік қолдау тиімділігін арттырудағы конституциялық реформалардың маңызы туралы пікір алмасты.