«Ұлы Дала» ұғымы Конституцияның Преамбуласында пайда болуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи жаңа Конституция жобасындағы баптардың біріне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 ақпанда Мәжілістің пленарлық отырысында ол Конституция жобасын талқылау мәселесін күн тәртібіне қосуды ұсынды. Депутаттар бұл бастаманы қолдады. Бәпи қоғамда Конституция жобасының 48-бабына тоқталды.

«Мұнда Республика президентінің ар намысы мен қадір-қасиетіне қорғауға қатысты берілетін конституциялық кепілдіктер айтылады. Ал бұл баптың үшінші тармақшасында: «Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының экс-президентіне де қолданылады» деген тіркеске орай «бұрынғы президенттің отбасы мүшелері билікке қайтып келуі мүмкін» деп, күдік келтірушілер бар», — дейді ол.

Депутаттың сөзінше, әлеуметтік желі қолданушылар арасындағы бұл алаңдаушылық қазақи долбар-дабыраға қиқу қосудың сыңары.

«Себебі, экс-президент түгілі, бүгінгі «Президенттің отбасы мүшелері мен оның жақын туыстарына мемлекеттік қызмет атқаруға болмайды» деген талап 2022 жылғы 8 маусымдағы конституциялық заңмен бекіген», — деп қорытындылады ол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *