2026 жылғы 24 ақпанда «Конституция – халық таңдауы» тақырыбында «Атика» ЖШС еңбек ұжымымен конституциялық реформаны түсіндіру бойынша кездесу өтті.

Іс-шараның спикері ретінде Рудный қалалық мәслихатының депутаты Кондрашина С.А. сөз сөйледі. Кездесу барысында ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары мен олардың әлеуметтік-құқықтық маңызы қарастырылды. Сондай-ақ конституциялық реформаның әділдік, заңдылық және мемлекеттік саясаттың ашықтығы қағидаттарын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.
Ашық диалог форматында өткен кездесу ұсынылып отырған өзгерістерді және олардың елдің одан әрі дамуы үшін маңызын жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді.