Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews басылымына арналған авторлық мақаласында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы стратегиялық әріптестіктің келесі кезеңін қалыптастыруға бағытталған үш негізгі стратегиялық мақсатты атап өтті.
2015 жылы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге (КӘЫК) қол қойылғанына он жыл толғаннан кейін, Еуропалық одақ бүгінде Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып отыр.
Еуропаның мыңдаған компаниялары елімізде табысты жұмыс істеп, Еуропа үшін пайда әкелумен қатар, экономикамызды жаңғыртуға және әртараптандыруға елеулі үлес қосып келеді.
Бұл – бұрын да, қазір де үлкен жетістік. Алайда, қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында бұл жеткілікті ме? Менің ойымша, жоқ.
Мен Брюссельге айқын ұмтылыспен және нық сеніммен оралып отырмын: Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы әріптестік бүгінде бұрынғыдан да маңызды. Сондықтан оны одан әрі нығайту қажет.