Рудныйда есірткінің алдын алу мәселелері талқыланды
«Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы аясында Рудный қаласының прокуратурасы мен Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі ПМИТК өкілдерімен кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, нашақорлықтың алдын алу және есірткі құралдарының таралуына жол бермеу.
Кездесу барысында мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ есірткі қылмыстарының фактілерін дер кезінде анықтау және жолын кесу тетіктері талқыланды.
Құқық қорғау органдарының өкілдері есірткі қылмысына қарсы күресте қоғамның белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталып, тұрғындарды заң бұзушылықтар туралы уақтылы хабарлауға шақырды. Сонымен қатар, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысында қатысушылар есірткіге қарсы теріс көзқарасты қалыптастыру, жастардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын тәрбиелеу және қоғамда салауатты өмір салты қағидаттарын нығайту үшін мемлекет пен қоғам күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Мұндай іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.
Рудный қаласының прокуратурасы еске салады: нашақорлықтың алдын алу және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Құқық бұзушылықтар туралы уақтылы хабарлау қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға ықпал етеді.
Арай АХМЕТ