«Әділет» партиясы әйелдерге медициналық тексерулер ұйымдастырды

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының Әйелдер қанаты ұйымдастырған «Әйел өмірі үшін» республикалық айлығы өтуде. Оның аясында емханаларда ашық есік күндері, медициналық тексерулер мен дәрігерлердің кеңестері ұйымдастырылып, сүт безі обырының алдын алу және ерте диагностикалау мәселелері түсіндіріледі.

Астанадағы №6 қалалық емханада әйелдер онколог-маммолог пен акушер-гинекологтың кеңесін алды. Дәрігер Ақтілек Русланованың айтуынша, мұнда күн сайын 30–40 әйел маммографиядан өтеді. Мамандар ауруды ерте анықтау үшін тұрақты тексерілудің маңызын атап өтті.

Айлық аясындағы іс-шаралар басқа өңірлерде де өтті. Жамбыл облысында 34 әйел маммографиядан өтіп, Көкшетауда сүт безі обырының алдын алу бойынша кездесу ұйымдастырылды. Ал Сәтбаев қаласында 200-ге жуық әйел бейінді дәрігерлерден кеңес алды.

«Әділет» партиясы өкілдерінің айтуынша, бастаманың басты мақсаты – әйелдердің денсаулығына жауапкершілігін арттыру, аурулардың алдын алу және оларды ерте анықтаудың маңыздылығын түсіндіру. Мероприятия еліміздің барлық өңірінде жалғасуда.

https://adilet-partiyasy.kz/kz/news/partiya-adilet-organizovala-obsledovaniya-i-konsultatsii-vra