Цифрландыруға жаңа қадам

Рудный қаласының полиция басқармасының қызметкерлері заманауи техниканың 10 гаджетін алды. Бұл туралы ПБ әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Рудный қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің материалдық — техникалық базасының арсеналын планшеттер, компьютерлер, принтерлер толықтырды.

Президенттің жақында қол қойылған мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі Жарлығы мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдауды жеделдетуді, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арттыруды, құжат айналымы мен есептілікті қысқартуды көздейді.

Жаңа техника азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда барлық мәліметтер базасы планшеттерде орналасқан, бұл полиция жұмысын едәуір жылдамдатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *