20-24 шілде аралығында Алматыда «жылдамдық» және «қиындық» бағыттары бойынша спорттық құзға өрмелеуден Орталық Азия жастар чемпионаты өтті.
Оған Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстаннан 90 спортшы қатысты. Біздің елдің атынан 59 адам қатысты.
Жарыс 2003 – 2004 жылы туған, 2005 – 2006 жылы туған, 2007 – 2008 жылы туған және 2009 – 2010 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында төрт жас тобында өткізілді.
Қостанай облысы құрамасының қоржынында-екі медаль. Оларды рудныйлықтар Доминика Стефановичте «жылдамдық» бойынша Алтын, Сәуле Қалбановада «қиындық» бойынша алды. Қыздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!