Бұған дейін 7 қыркүйек күні сағат 15:00-де локализация жарияланған болатын
Бүгін, 10 қыркүйек 10:00-де Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өрті жойылды.
Өрт 02.09.22 сағат 15: 10-да Әулиекөл ауданының Басаман және Семиозер орман шаруашылығы басқармаларының аумақтарында басталды.
Өрт шыққан сәттен бастап жалпы ауданы 43 мың га құрайды, екі елді мекендегі 91 тұрғын үй отпен жойылды және зақымданды.
12 адам өрт кезінде жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақаттар, күйіктер, уланулар алды. Әулиекөл аудандық ауруханасында 3 зардап шегуші қалып отыр.
Жедел штаб жұмысы басталғаннан бері ТЖМ жедел желісіне 38 қоңырау келіп түсті. 87 азаматқа консультациялық-психологиялық көмек көрсетілді, 45 баламен топтық психологиялық жұмыс жүргізілді.
Әуе кемелерімен сөндіруге барлығы 327 су ағызылды.
Өртті сөндіруге қатысқан күштер мен құралдардың жалпы тобы 207 бірлік техника мен 1 785 адамды құрады.
Сол жерде құрамында 73 адам және 21 бірлік техника бар Басаман және Семиозер орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары қалып отыр.
Жедел штаб өз жұмысын аяқтады.