Аймақтың жаңа басшысы Құмар Ақсақалов болды
Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оның орнына СҚО экс-әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
«Құмар Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта.
Құмар Ақсақалов 1965 жылы 24 тамызда Қостанай облысында дүниеге келген.
1987 жылы Горячкин атындағы Мәскеу ауылшаруашылық өндірісінің инженерлер институтын «инженер-механик»мамандығы бойынша бітірді.
Әр жылдары ЛКСМК Урицкий аудандық комитетінің бірінші хатшысы (1989-1991); совхоздың бас инженері (1991-1992) болды.
1998 жылдан 2004 жылға дейін алдымен Меңдіқара ауданының әкімі, кейін Қостанай облысы Таран ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
2004 жылдан 2006 жылға дейін Президент Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы мемлекеттік инспекциясының, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
2006-2010 жылдары-Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
2010-2014 жылдары — «Нұр Отан»ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары, басшысы.
2014-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясының хатшысы болды.
2015 жылдан 2017 жылға дейін Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2017 жылдың наурыз айынан бастап Ақсақалов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.