Рудныйда облыстық полиция департаменті қызметкерлері арасында көркемөнерпаздар концерті өтті. Іс-шараға барлығы 24 полицей қатысқан. Халық қорғанына айналған мамандардың әсем үні көрермендерді тәнті етіп, таңдай қақтырды.
Қала тұрғындары үшін «Горняк» ойын-сауық орталығында гала-концерт ұйымдастырылды. Онда полиция қызметкерлері арнайы шеберлік сабағын өткізіп, қалың жұртшылыққа техниканы таныстырды.
«Өнер сараптамасының мақсаты – мәдени-көркемдік әлеуетті сақтау және ішкі істер органдарында көркемөнерпаздар қызметін дамытуға қолдау көрсету. Рудный қаласының базасында бұл іс-шара алғаш рет өткізіліп отыр», – деді Рудный қалалық ПБ бастығының орынбасары Қайрат Қадыров.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Арқалық қаласынан келген криминалист Дастан Сәндібек иеленді. Ал, екінші орын Рудный қалалық ТЖБ кезекші инспекторы Азамат Асылбековқа бұйырса, үшінші орынды Қарасу ауданы ҰҚК күзет қызметі қызметкерлері иеленді. Гран-приді Қостанай қаласынан келген тергеуші Санжар Закиров қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.
Зерде Жеңіс
газета «Рудненский рабочий»