Ардагерлер ұйымына – 50 жыл!

Елімізде 1987 жылы қаңтар-наурыз айларында ардагерлер ұйымы құрылған. Ал Рудный қаласында алғаш рет 1973 жылы ардагерлер ұйымының құрылтай конференциясы өткен еді. Тарихтың көзi, Тәуелсіз еліміздің іргетасын адал еңбекпен қалаған ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз 50 жылы бойы ел игілігі үшін ауқымды жұмыстар атқарып, салиқалы ойларымен бөлісіп келеді. Осы тұста,  Рудный қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәлімгерей Бексеитовты әңгімеге тарттық.

Биыл Ардагерлер кеңесінің құрылғанына жарты ғасыр толып отыр. Енді осы кеңестің тарихына үңілсек… Нақты қашан ашылды, ол кезде кім төрағалық етті? Сондай-ақ осы жылдар бойы қандай жұмыстар атқарылды?

— Иә, дұрыс айтасыз. Биыл қаламыздың ардагерлер ұйымына 50 жыл. Рудный ел тарихында тек экономика жағынан ғана танымал емес. Жерлестеріміз, әсіресе, зейнеткерлер қоғамдық-саяси қозғалысқа белсенді қатысады. Сондықтан да болар, сонау өткен ғасырдың 70 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-ағаларымыз «Ардагерлер ұйымын» ресми түрде тіркеп, бір саяси бұлақтың көзін ашты. Еліміздің ардагерлер ұйымы 1987 жылы ғана өз жұмысын бастады. Оның бірінші төрағасы болып біздің жерлесіміз, соғыс ардагері Шаңгерей Жанибеков ағамыз сайланды. Ал қаламыздың ардагерлер ұйымының алғашқы төрағасы соғыс ардагері  Мухарам Хусаинов болды. Одан кейін Нурқан Махмутов, Руслан Кутовой, Мартын Иванченко, Аскольд Шейнога, Александр Надеждин, Геннадий Алексеевич және Альмизьян Досов басқарды.  Ардагерлер ұйымының негізгі міндеті мен мақсаты – зейнетке шыққан азаматтардың әлеуметтік жағдайын бақылап, қолымыздан келгенше көмек көрсету, жергілікті әкімшілік пен маслихатқа ардагерлердің ой-пікірлерін жеткізу. Сондай-ақ жас ұрпаққа патриоттық, ұлттық Рухани жаңғыру саласында тәрбие беру, үлгі көрсету.

— Қазіргі таңда кеңес құрамында қанша адам бар?

— Бүгінде қаламызда 22 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Олардың хәл-жағдайына көз салып, қызмет көрсетіп жүрген азаматтарға мың да бір алғыс білдіремін.

— Қариялардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін қандай клубтар жұмыс жасайды?

Соңғы жылдары үкімет пен қоғам тарапынан ардагерлер өміріне көп көңіл бөлінетін болды. Бұл ардагер  ұйымының халыққа, елімізге жасаған еңбегінін жемісі деп санаймын. Мәселен, өткен жылы қала бюджетінен қаржы бөлініп, 200-ден аса зейнеткерлерге «Белсенді өмір сүру» жобасы арқылы спорт, мәдениет саласында тегін қызмет көрсетілді. Биыл бұл жоба мемлекет тарапынан қолға алынып жалғасын тауып жатыр.

— Енді алдағы жұмыс жоспарларын нақтылап өтсеңіз… Мерейтойды қалай атап өтпекшісіздер?

— Елу жылдыққа да бірнеше сыйлықтарымызды әзірлеп жатырмыз. Мерейтойға арнап қала мұражайында «Ардагерлер ұйымы тарихы» жайлы көрме ашпақпыз. «Достық» саябағында ардагерлер ұйымына зор үлес қосқан азаматтардың фотосымен өмірбаянын Даңқ Аллеясында орнатамыз. Жыл сайын өткізілетін халықтың оң бағасын алған «Екі ұрпақтың жұлдыздары» атты фестивалін өткізуге дайындық басталып кетті. Халқымыздың дәстүрін ұмытпасын деген оймен жастарға «Ақ Бата» сайысын жаңа форматта өткіземіз деген ойдамыз. Мектептерде қаламыздың құрметті, беделі мол азаматтармен кездесулер өз жалғасын табады. Бильярд, теннис, спорттан Қостанай қаласының ардагерлерімен кездесу өткізу жоспарда бар. Қаламыздың БАҚ көздері арқылы ардагерлер жұмысына белсенді қатысып жүрген жерлестеріміз жайлы ақпарат насихатталып жатыр.

— Сұхбат бергеніңізге рақмет! Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

Арай Марат

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *