Бүгін Рудный қаласының қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері «KEGOC» АҚ «Сарбай ЖЭС» филиалының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Іс-шара діни сауаттылықты арттыруға, сондай ақ этносаралық және ұлтаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуға бағытталған.Спикерлер ретінде Рудный қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Г.А. Ермешекова сөз сөйледі, ол этносаралық қатынастардың жай-күйіне әсер ететін факторларды және Қазақстандағы араздық тілін еңсеру үшін Әдеп кодексінің нормаларын талқылады.
Гренц В.А., кәсіби медиатор, заңгер әртүрлі этникалық топтардың өкілдері арасындағы қақтығыстардың себептері және олардың салдары туралы айтты.
Нұрыш Е.А., Рудный прокуратурасының прокуроры ҚР Қылмыстық Кодексінің ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін жауапкершілік туралы нормаларын түсіндіріп, азаматтарды бір-бірімен қарым-қатынас жасау және әлеуметтік желілерде жариялау кезінде мәлімдемелерге байсалды қарауға, арандатушылық сипаттағы чат-рулеткаларға қатыспауға шақырды.