Бүгінгі таңда қаланың білім беру жүйесіне 40 ұйым кіреді, оның ішінде 21 мектеп, 16 мемлекеттік балабақша, 3 қосымша білім беру ұйымы. Мектеп контингенті мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиеленушілерін қосқанда 16 455 адамды құрайды. Жаңа оқу жылында мектептерге 1543 бірінші сынып оқушысы келді.
Оқушылар қайтадан 25 мамырға дейін оқиды.
Оқу жылының ұзақтығы 34 апта, яғни 25 мамырға дейін. Орта білім беру ұйымдарында білім беру процесі 5 күндік оқу аптасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте сенбі күндері 5-11 сыныптар үшін сабақтар, қосымша сабақтар өткізуге жол беріледі.
Балаларды қазақ тілінде оқытуды қамтамасыз ету үшін қалада мемлекеттік тілде оқытатын 4 мектеп және 7 аралас мектеп жұмыс істейді. Қазақ тілінде білім алушылар контингенті 4789 адамды немесе 29,8% құрады. № 4,12,18 мектептерде қазақ тілінде оқытатын қосымша сыныптар ашылды.
Рудный қаласының мектептерінде 1404 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 1130 адам-80,5%. 92 педагогтың магистр дәрежесі бар. Педагогтердің сапалық құрамы 45,4% құрайды. Оқу жылының басында конкурстық рәсім арқылы жоғары оқу орындары мен колледждердің 14 түлегі қабылданды.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге 379,5 млн. теңге бөлінді.
Қаражаттың 127,6 млн.теңгесі № 13 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына бағытталды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 18 білім беру ұйымдарында жүргізілді (10 мектеп, 7 БАҚ және даму және шығармашылық сарайы). Жөндеу жұмыстары оқу жылының басында аяқталды (№13 ЖББМ – нен басқа-сыртқы жұмыстар аяқталуда).Ал материалдық-техникалық базаны нығайтуға 166,4 млн. теңге жұмсалған.
Балалардың қауіпсіздік мәселесі басты назарда.
Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарының 100%-ы бейнебақылау камераларымен, дабыл түймелерімен, дыбыстық ескертумен, турникеттермен жабдықталған, жедел басқару орталығына қосылған.
Биыл жергілікті бюджет қаражатынан мамандандырылған күзет енгізуге қаражат бөлінді. Осы мақсаттарға бюджеттен 115,6 млн.теңге бөлінді (оның ішінде мектептерге — 61,6 млн. теңге, балабақшаларға – 54 млн. теңге). Биылғы оқу жылында осы қызмет түрімен барлық білім беру ұйымдары қамтылатын болады.
Оқушыларды тегін тамақтандыру-әлеуметтік қолдау шараларының бірі.
Ел Президентінің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Қала бойынша бұл 6 635 адам. Бұрын мұндай мүмкіндік әлеуметтік осал санаттағы балаларға ғана берілетін.
Үкіметтің №64 Қаулысына сәйкес жалпы білім беру қорынан екінші жыл мектепке дайындалу үшін балаларды қолдау жүзеге асырылады. 1019 оқушы 40 567 теңге көлемінде материалдық көмек алады.
Қалалық білім бөлімінің ақпараты бойынша, 2 213 балаға «Мектепке жол» акциясы аясында қаланың мекемелері, ұйымдары және жеке кәсіпкерлері жалпы сомасы 24 млн.146 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілген, оның ішінде «ССКӨБ» АҚ — 11 млн. 784 мың теңге. Аталмыш науқан қазан айына дейін жалғасады.
Осылайша, қаланың білім беру жүйесінің жай-күйі 2023-2024 оқу жылында балаларды оқыту мен тәрбиелеуді сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік беруде.
Гүлім Мұрат