Теннистен жасөспірімдер арасында Аустралияда өтіп жатқан біріншілікте жерлесіміз Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты.
Алғашқы кездесуінде Әмір жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Федерико Чинаны ұтып сенсация жасады. 16 жастағы теннисшіміз 2-айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрхпен шеберлік байқасты. Бірінші партияда отандасымыз қарсыласына есе жіберді. Ал екінші сет тай брейкке дейін ұласып, ұлыбританиялықтың жолы болмады. Шешуші үшінші партияда жерлесіміз 5 те 3 есебімен алға шықты. Ал матчтың соңында тағы бір брейк жасап, қарсыласынан 6 да 3 есебімен айласын асырды. Қарағанды теннис мектебінің түлегі келесі ойынын доданың 14-ракеткасы, кореялық Хён Кимге қарсы өткізеді.
24.kz жаңалықтары