Өлкетану бұрышы

«Ұлттық рухани жаңғыру» жылдар бойы сәтті жүзеге асырылып келе жатқан бағдарлама. Ол бірнеше жобаларға бөлініп ұлттық идеологияны қалыптастыруға асық. Солардың бірі туған өлкені зерттеуге бағытталған, мазмұны жағынан мәні терең және ауқымы өте кең «Өлкетану» жобасы.

Оның мақсаты нағыз патриоттық сезімді тәрбиелеу ғана емес, сонымен бірге өзінің ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау, Отанға деген парасаттылық пен адалдық қатынасты үйлестіру. Туған өлкесін өркендетуге, көркейтуге бей-жай қарамауға шақыру. Осы істі қолына алып келе жатқан мемлекеттік тілдегі кітапхана ұжымы.

«Қазіргі таңда кітап қоры 14 мыңға жетеді. Осыған сай екі мыңнан астам тұрақты оқырмандарымыз бар. Кітаптар тақырыптарына қарай сан түрлі: әдеби-көркем, тарихи, фантастика секілді. Сондай-ақ, бірнеше жылдан астам өлке тарихын, табиғатын, әдебиетін насихаттау және мәдени мұрасын өркендету, сирек кездесетін кітаптардың көшірмелерін ұсыну үшін кітапханда бөлек сөрелер әзірленген. Оған қоса, Қостанай өңірінің атын шығарып, еліне адал қызмет етіп жүрген белгілі тұлғалардың туындылары мен мақалалары өз орның табуда. Осылайша, келген оқырман сүйікті ақын-жазушыларың тез мезетте тауып оқи алады. Жекеліп тұрғаны өте ыңғайлы екеніне біздің де көзіміз жетіп отыр. Жоспар бойынша оқушыларды шақырып «өлкетану» бөліміне шолу жасаймыз. Бұл өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеудің тамаша әдісі. Жас ұрпақты туған өлкесін сүюге тәрбиелеуді мектеп табалдырығынан бастау аса маңызды екені айтпаса да түсінікті», – деді мемлекеттік тілдегі кітапхана меңгерушісі Гулбараш Уалиева.

Жадыра ЕРТАЕВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *