Қоғамдық тәртіпті сақтайық!

Рудный қаласында, көптеген басқа елді мекендер сияқты, алкогольді тұтыну және оның салдары туралы мәселелер өзекті болып қала береді.

Қоғамдық орындарда мас күйінде болған адамдармен болған соңғы оқиғалар алкогольді ішімдік ішуге және заңнаманы сақтауға саналы көзқарастың маңыздылығын көрсетуде. Сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдары алкогольдік ішімдіктерді сатуға құқылы болғанымен, халықтың пайдалануына арналған қоғамдық орындарда мас күйінде адамдардың пайда болуы бұл орындардың қауіпсіздігі мен жайлылығына күмән келтіреді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабы бойынша 582 адам жауапқа тартылды. Рудный қаласының бұл статистикасы азаматтарды ішімдік ішуді және қоғамдық орындарда мас күйінде жүрудің тоқтату қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар, қаламызда алкогольдік ішімдіктерді ішкеннен кейін адамдар қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайлар да орын алды. Бұл жайлы қалалық прокуратура мәлім етті.

Ағымдағы жылдың  6 ақпанында «Д» есімді азаматы орта дәрежелі мас күйінде «М»азаматын өлтірді. Тағы бір жағдайда, Ленин көшесіндегі №101 үйдің кіреберісінде спирттік ішімдіктерді ішу нәтижесінде пробация қызметінде есепте тұрған «С» азаматы қасақана «Ж» азаматының беті мен денесіне бірнеше рет дене жарақатын келтіріп, соңғысы жақ сүйегінің сынуына әкелді. Қазіргі уақытта қылмыстық істер сотқа жіберілді, адамдар қамауда. Осыған байланысты, алкогольді ішуден және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болудан қатаң бас тартуды ұсынамыз, бұл қоғамның қауіпсіздігіне кепілдік береді,-дейді мекеме қызметкерлері.

Мұндай құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға, ал қайта ішіп немесе мас күйінде пайда болғаны үшін 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға әкеп соғады. Рудный қаласының прокуратурасы қоғамдағы қауіпсіздік сақтауға, азаматтарды алкоголь ішуге және қоғамдық орындарда мас күйінде көрінуге жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Әлихан БЕЙБІТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *