Рудныйда «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» жедел-профилактикалық акциясы өтуде

Рудныйда 3-5 мамыр аралығында қаланың әртүрлі жерлерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде, онда жүргізушілерді ғана емес, жаяу жүргіншілерді де қамтылды.

Мұндай жедел-профилактикалық іс-шараларды үш айда бір рет өткізіледі. Іс-шара аясында қалалардың жол-патрульдік полицейлері жүргізушілердің жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін сақтауын қадағалауды күшейтіп, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жүріс бөлігін белгіленбеген жерлерде жиі кесіп өтетін көше учаскелеріне назар аударуда.

Рудный қалалық Полиция басқармасы жаяу жүргіншінің жол қозғалысының ең осал және қорғалмаған мүшесі екенін еске салады және барлық жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда қырағы болуға шақырады. Ал жаяу жүргіншілер, өз кезегінде, олардың өмірі мен денсаулығы олардың қолында екенін анық түсініп, жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы өтетін жолды кесіп өткенде көбірек көңіл бөлуі керек, жолдан өту кезінде гаджеттердің барлық түрлеріне алаңдамауы керек. Ең бастысы, жүргізушілер оларды көретініне көз жеткізу. Қараңғы уақытта қозғалу кезінде шағылыстыратын элементтер немесе шағылыстыратын киім кию ұсынылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жолда шыдамдылық пен өзара құрмет көрсетуге және жол қозғалысының тәртіпті қатысушылары болуға шақырылады. Акция өткізу кезеңінде жол бөлігін белгіленбеген жерлерде кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге және жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін бұзатын жүргізушілерге ерекше назар аударылуда.

Гүлім МҰРАТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *