«Мерейлі отбасы» 2024: өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейінге қабылданады.

Байқауды өткізу мақсаты:
1) отбасы, адамгершілік, руханият институтын нығайту, жауапкершілігі бар ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын мойындау;
2) бала тәрбиесінде ата-ана жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын көрсету және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасылардың жақсы жағын насихаттау.

Байқауға еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамға пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысып жүрген отбасы мүшелері жіберіледі.
Байқауға мына отбасылар қатыса алмайды:
1) Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған әрекетке немесе ұйымдар құрамына кіретін (кірген) отбасы мүшелері;
2) бұрын сотталған отбасы мүшелері.

Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана).

Қатысу үшін өтінімдер 2024 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейінгі мерзімде бекітілген нысан бойынша беріледі. Барлық сұрақтар бойынша Ленин көшесі, 95 мекенжайы бойындағы Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ 225 кабинетіне, 8 (71431) 4-54-33 телефоны бойынша, e-mail: politika_rud@mail.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.
#Otbasym2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *