Горняцкий кентіндегі «Арман» клубында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Өткені – тарих, болашағы – сенім» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Бағдарлама аясында жасөспірімдер мен «Рябинушкий» фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, қатысушылар арасында викториналық сұрақ-жауаптар мен танымдық ойындар өткізілді. Сондай-ақ көрермендерге Конституцияның негізгі қағидалары мен мемлекет өміріндегі маңызы туралы слайдтық материалдар ұсынылды.

«Бұл мереке – еліміздің тарихындағы маңызды белес. Конституция әрбір азамат үшін тең құқық пен міндеттің кепілі болып табылады. Жастардың құқықтық сауатын арттыру – біздің басты мақсатымыздың бірі», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Шара соңында қатысушылар еліміздің көк туы әрқашан биікте желбіреп, тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосу әрбір азаматтың парызы екенін жеткізді.