1 қазанда Жастар сарайында облыстың барлық өңірлерінен келген мың шақты педагог кәсіби мерекемен құттықтауларды ерекше толқыныспен қабыл алды

Қызыл кілеммен жүріп өткен педагогтерді ыстық қошеметпен қарсы алды.

Бүгін мұғалімдерге, тәрбиешілерге, колледж оқытушылары мен шеберлеріне, арнайы және қосымша білім педагогтеріне жылы сөздер мен шынайы тілектер айтылды.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мұғалім мамандығының маңыздылығын атап өтті.

Білім саласының дамуына мемлекет тарапынан айрықша мән берілуде. Соңғы үш жылда өңірімізде 23 білім беру объектісі салынды, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны нығайту үшін 5,5 млрд теңге бөлінді. Жыл сайын мектептерімізде заманауи пән кабинеттері мен STEM-зертханалары ашылып, оқушылардың қабілетін дамытуға, ғылымға, оның ішінде жасанды интеллектке деген қызығушылығын арттыруға толық жағдай жасалуда, — деді ол.

Мұғалім үшін ең қымбат сыйлық — оқушының жетістікке жеткені. Облыс қоржынында халықаралық зияткерлік жарыстарда иеленген 9 жүлделі орын бар. Біздің оқушылар ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиадада 26 медаль жеңіп алып, үшінші командалық орынға ие болды. Жас зерттеушілеріміз де үздік нәтиже көрсетіп, ғылыми жобалар байқауында 16 жүлделі орын, ал халықаралық ғылыми жарыстарда 4 медаль жеңіп алды.

Облыс әкімі педагогтерді Жұмысшы мамандықтары жылы аясында биылдан бастап алғаш рет 2 қазанда тойланатын Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің күнімен құттықтады. Алғысқа толы жылы құттықтаулар педагогикалық еңбек ардагерлеріне де арналды, зал оларға орындарынан тұрып қошемет көрсетті.

Құмар Ақсақалов өзінің кәсіби шеберлігінде елеулі нәтижелерге қол жеткізген облыс педагогтарын марапаттады. 15 педагог «Ы.Алтынсарин» төсбелгісіне, 5 педагог «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісіне ие болды, 5 педагогқа «Еңбек ардагері» медальдары табысталды. Тағы 20 педагог облыс әкімінің грамотасымен марапатталды.

Облыс әкімі Қостанай қаласының № 17 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айгүл Данкеноваға Ыбырай Алтынсарин төсбелгісін табыстады. «Мұғалім болу – қастерлі міндет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *