Қостанай облысында автожолдарды жаңарту қарқыны артты

Мемлекет басшысы өз Жолдауында инфрақұрылымды дамыту – мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі екенін атап өткен болатын. Осы бағытта Қостанай облысында ауқымды жол жөндеу жұмыстары жүзеге асуда.

2024–2025 жылдары облыстың бірқатар маңызды бағыттарында да күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде:
•Ұзынкөл – Троебратное (70 км)
• Қостанай – Ресей шекарасы (67 км)
• Бестөбе – Ақтөбе облысының шекарасы (85 км)
• Денисовка – Тавриченко (59 км)
• Новонеженка – Аманқарағай (120 км)
• Арқалық – Ұлытау облысының шекарасы (71 км)
• Жітіқара – Милютинка (44 км)
• Қостанай – Рудный (31,5 км)

Биыл облыстың жол саласына бөлінген қаржы 103 млрд теңгені құрады – бұл өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға көп. Оның ішінде 47 млрд теңге республикалық маңызы бар автожолдарды жөндеуге бағытталды.

Тәуелсіздік жылдары алғаш рет 57 елді мекенге апаратын жолдарда жөндеу жұмыстары басталды. Бұған дейін бұл учаскелерде тек ағымдағы күтім ғана жасалатын

Сонымен қатар ауылдық елді мекендерде көше-жол желісін дамыту жобасы аясында 98 ауылдың 293 көшесіне алғаш рет асфальт төселеді.

Қазіргі таңда жұмыстар облыстың барлық негізгі бағыттарында – Ұзынкөлден Жітіқараға дейін, Арқалықтан көршілес өңірлердің шекараларына дейін жалғасуда.

— Жаңарған жолдар – бұл тек асфальт емес, өңірдің экономикалық дамуы мен тұрғындардың қауіпсіздігіне қосылған зор үлес,- дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов өз жеке парақшасында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *