Реформалардың мәні – 4: Қуатты өңірлер – қуатты ұлт

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың мақаласы

Елімізде қазір іске асырылып жатқан реформалар өзінің ау­қым­­дылығымен ерекшеленеді. Шын мәнінде, қысқа мерзімде олар экономика мен саясаттан бастап бірегейлік мәселелеріне дейінгі ұлттық мүддені көздейтін барлық саланы қамтып үлгерді. Деген­мен әрбір жалпыұлттық реформаның мазмұнымен қатар, жүзеге асы­рылатын кеңістігі, яғни нақты орны болатыны белгілі. Ол орын – бір­тұтас елді құрайтын өңірлер екені анық. Себебі қолға алған реформалар қала мен ауылда тұратын халықтың мүддесі үшін, солардың күш-жіге­рі­мен өңірлерде жүргізіледі. Сондықтан Мемлекет басшысы жария­ла­ған «Қуатты өңірлер – қуатты ұлт» қағидаты Қазақстан өзінің даму жо­­­­­лында табан тірейтін негіз болды және солай болып қала береді.

БІРЕГЕЙЛІГІМІЗДІҢ ӨЗЕГІ

Бұған дейінгі мақаламызда жаң­ғыр­ған ұлттық бірегейлік Әділетті Қа­зақстанның негізгі өзегіне және қа­зіргі дағдарыс кезеңінде өзгеріс­тер­ге серпін беретін қуат көзіне ай­налуы керек екенін айтқан едік. Бұл рет­те ұлттық бірегейлік дегеніміз аб­страктілі ұғым емес екенін айта кет­кен жөн. Ол мыңдаған сағасы бар үл­кен өзен сияқты, яғни бойына ой­лай білетін, жоспар құратын, бала тәр­биелейтін, еліміздің әр түпкірінде тұ­рып, жұмыс істейтін адамдардың нақ­ты ойын, арман-тілегін, тәжіри­бе­сі мен мінез-құлқын өзіне сіңіреді.
…Жалпы, біздің жеке біре­гей­лігі­міз жас күнімізден қалыптасады. Оның негізі күнделікті күйбең тір­ші­лікте жанға жылу сыйлайтын жар­қын сәттерден құралады. Дәл осы бала шақта алған әсерлер кейінгі өмір жолымызға сәуле түсіріп, тұлға ре­тінде қалыптасуымызға ықпал ете­ді.
Мен жазғы демалысымды көбіне Алтай тауының бөктеріндегі Алма­сай ауылында, нағашы жұртымда өт­­кізетін едім. Күнде кешкісін өріс­тен қайтқан малды жайғап болған соң ауладағы ошаққа от жағылатын. На­ғашы әжем ас әзірлеп, бәріміз дас­тарқан басына жиналушы едік. Кеш­кі астан кейін маздап жанған отты ай­нала отырып, ымырт үйірілген шақ­қа дейін әжеміздің әңгімесін тың­дайтынбыз. Ол кісі әңгіме айту­дың шебері еді. Әсіресе, батырлар жы­ры, хикаяға толы дастандар, Қа­жымұ­қан балуан жайындағы дерек­тер және ел басына күн туған қиын-қыс­тау кезең туралы оқиғалар есімде қа­лыпты. Шынтуайтына келгенде, әжем­нің сол әңгімелерінен алған тағы­лым өмірлік азық болды десем, ар­тық емес. Сол кездегі жұлдызды түн, таудан ес­­­кен самал, жалындап жанған алау есімнен бір сәт­ке де шыққан емес. Тіпті, әжем­нің өткен өмір, ата-бабамыздың ерлігі, ала­сапыран жыл­дар туралы айтқан әңгі­ме­лері мен жұм­сақ даусы да әлі күнге дейін жа­дымда жаң­ғырып тұр.
Кемелденген шаққа жеткен қазіргі ке­зең­нен кейінгі уақытқа зер салар болсам, тұл­ға ретінде қалыптасуыма әсер еткен көп оқи­ғаның арасынан ауылда өткізген сол күн­дер мен түндерім мұхиттағы арал секіл­ді ерекшеленіп тұрады. Олар – мені хал­қым­ның жан дүниесімен жалғап тұрған жә­не бала күнімнің ең аяулы сәттерін көз ал­дыма әкелетін сағынышқа толы есте­лік­тер.
…Кең-байтақ даламыздың әр бұры­шын­дағы ауыл мен қалашық жай ғана «елді ме­­кен» емес. Олар – біздің бірегейлігіміздің өзе­­гі. Себебі жаһандық оқиғалармен қарба­ла­­сып жатқан орталықтан жырақта орна­лас­­қан дәл осы жерлерде ұрпақтан-ұрпаққа бе­рілетін ұлттық код пен елдік қуат сақ­тал­ған.
Ұлттық ерекшелігіміз де сол жерден та­мыр тартады. Салтымыз бен ғұрпымыз, түп­теп келгенде, даму бағдарымыз да ауыл­дан бастау алады. Ауыл – қазақы біре­гей­лік­тің қайнар көзі мен берік қамалы. Бұл жер­де ұлттық рух тарихтың бір бөлшегіне ай­налмай, күнделікті тұрмыста көрініс тауып, елмен бірге жасап келеді.
Сондықтан халқымыздың мәдени және адам­гершілік коды сақталған ауылмен бай­ланыс бар кезде біз ұлт ретінде нығайып, іл­гері жылжи береміз деп толық сеніммен айта аламыз.
Ал егер ауылды, ондағы тыныс-тір­ші­лік­ті жоғалтатын болсақ, ұлттық рухпен ара­дағы нәзік байланысты да үземіз. Пре­зи­дентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев­тың ауылды дамытуға, елді мекенде өмір сүру деңгейін жақсартуға, аймақ­тар­дың әлеуетін барынша ашуға және об­лыс­тар мен аудан тұрғындарын елдегі саяси жә­не экономикалық жобаларға белсенді түр­де тартуға бағытталған реформалары­ның мәні осындай ұстанымға табан тірейді.

СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН ПРОБЛЕМАЛАР

Қазақстан әуел бастан-ақ қатаң орта­лық­­­тан­дырылған басқару формасы бар бір­тұтас мемлекет ретінде қалыптасты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ахуал соны талап еткені белгілі. Өйткені жаңа ғана пайда болған елді номиналды түр­де бекіткен қағаз жүзіндегі әкімшілік-құ­қықтық шешімдерге қауіп төндірген күш­терді тоқтату қажет еді. Ол күштердің ара­сында сол кезде жергілікті сепаратизм ре­­­­­тінде танылғандар мен элиталық қысым да болды. Сондай-ақ тәуелсіздігін енді ғана алған мемлекетіміздің бұған дейін Кеңес Одағында транзиттік және шикізаттық ел ға­на болып келгенінің де салдары айтар­лықтай байқалып жатты.
Біз сөзбен айтқанда, қанаты қатая қой­м­аған мемлекет пен жаңадан қалыптасып жат­қан дербес экономикаға әлемнің саяси кар­тасында әлсіз контурмен ғана бедер­лен­ген елдің іргесін бекемдей түсетін, жұмыс іс­тейтін институттары мен шешім қабыл­дай­тын біртұтас вертикалі бар қуатты орта­лықтандырылған мемлекеттік жүйе қа­жет болды. Тұңғыш Президент Нұрсұл­тан Назарбаевтың шешімдері мен саясаты да осыған бағытталған болатын.
Алайда өткен отыз жыл ішінде аяғына нық тұрған Қазақстан осы қатаң жүйемен біте қайнасып кетті. Тіпті, бұл жол тарихи рө­лін атқарып қана қоймай, жаңа үрдіс­тер­ге, жылдар бойы қалыптасқан өңірлік ерек­шеліктерге сай алға жылжуға мүмкін­дік бермей, дамуға кедергі келтіре бастады. Ша­мадан тыс орталықтандыру мен жер­гілік­ті ерекшеліктерді елемеуден туындаған тең­герімсіздік 2010 жылдарды аяғында эко­номикалық проблемалар мен әлеу­мет­тік сын-қатер тудыра бастады. Соның сал­дарынан жоғары мінберлерде айтылып жүр­ген тұрақтылыққа қауіп төндірген жаңа шындық пайда болды.
Жаңа шындықтың басты ерекшелігі – өңір­лер арасындағы экономикалық даму деңгейлеріндегі теңгерімнің болмауы, яғни тұрғындардың өмірі мен әл-ауқатындағы ал­шақтық.
Жан басына шаққандағы өңірлік жал­пы өнім (ӨЖӨ) ресурстарға бай еліміздің ба­тысындағы өңірлер мен оңтүстік және сол­түстік аймақтардағы аграрлық облыс­тар арасында айтарлықтай алшақ болды. Егер Атырау облысында жан басына шақ­қан­дағы ӨЖӨ 21 млн теңгеден асса, Түркі­стан облысында бұл көрсеткіш 2 млн теңге шамасында болды, яғни алшақтық 10 есеге дейін жетті.
Мұнай мен газға бағдарланған батыс ай­мақтар елдің ІЖӨ-сіне айтарлықтай үлес қос­ты, ал оңтүстік, солтүстік және шығыс эко­номиканың әлсіз әртараптандырылуына бай­ланысты тоқырауға ұшырады. Мұндай жағ­дай артта қалған облыстарды «даму тұза­ғы­на» түсіріп, төмен өнімділік салдарынан ке­дейлік пен жосықсыз көші-қон одан әрі үдей түсті.
Өңірлердің басым бөлігінің эконо­мика­ның бір-екі секторына ғана тәуелді болуы тең­герімсіздік себептерінің бірі екені анық. Бұл ахуал әлемдік бағалар құбылып тұрған шақ­та оларды одан әрі әлсіретті. Өңірлердің ши­кізатқа немесе субсидияланатын аграрлық сек­торға байланған экономикасын әрта­рап­тан­­дырудың төмен деңгейі шикізаттан басқа са­ланың өсуіне тұсау болды. Қаржылан­дыру­дың жеткіліксіз және өткізу нарықтарына қолжетімділіктің шектеулі болуы шағын және орта бизнесті ынталандыруға кері әсерін ти­гіз­ді. Бұл әлеуметтік проблемаларды шие­ле­ністіре түсті. Осыған байланысты табыс тө­мен­деп, кедейлік деңгейі жоғарылап, жастар ірі қалаларға ағылды.
Өңірлік билік те салықтық базаны ұл­ғай­туға мүдделі болмай, негізінен орталықтан бе­рі­летін субсидияларға қарап қалды.
Осы жерден тағы бір проблема туындады. Ол – инвестициялардың біркелкі болмауы жә­не өңірлердің бюджетке тәуелділігі. Ин­вес­тициялар – елордаға, ірі қалаларға және өн­діру­ші аймақтарға шоғырланып, кейбір өңір­лер назардан тыс қалды. Салдарынан эко­но­ми­калық және әлеуметтік алшақтық ұлғайды. Ре­сурс теңсіздігінің әсерінен өңірлер донор­лар мен республикалық бюджеттен берілетін субвенцияларға тәуелді реципиенттер болып бөлінді.
Бұл жағдай орталыққа барынша тәуелді бо­лып отырған аймақтардың басқару дербес­тігін және экономикалық өзін-өзі қамтамасыз етуін әлсіретті. Соның салдарынан жергілікті жер­лерде бастамалар азайып, әр облыстың ерек­шелігі мен табиғи артықшылықтарына бай­ланысты даму әлеуеті төмендеп кетті.
Еліміздің территориясы кең болғанымен ха­лық тығыздығы төмен екені белгілі. Осын­дай жағдайда инфрақұрылымның дамымауы да үлкен кедергі болды. Бұл, ең алдымен, көлік бай­ланысына қатысты еді. Жолдардың саны мен сапасы өңірлердің экономикалық ин­тег­рациясында, сауда мен туризмде және қара­пайым қатынаста қиындық тудырды.
Дүниежүзілік экономикалық форум са­рап­шыларының есептеріне сәйкес Қазақстан 2020 жылдардың басында жол инф­ра­құры­лымының сапасы жағынан 119 елдің ішінде 90-орын алған.
Цифрлық алшақтық та тағы бір инфра­құрылымдық сын-қатерге айналды. Жыл­­дам­дығы жоғары интернеттің қолже­тім­сіз болуы себепті шалғай жерлерде цифрлық мем­лекеттік қызметтерді алу ірі қалаларға қара­ғанда әлдеқайда қиын еді.
Экономикалық теңгерімсіздікпен бірге әлеу­­меттік салада және өмір сүру, әсіресе, ауыл­­дағы өмір сүру сапасы бойынша тең­герім­сіздік артты. Білім беру мен денсаулық сақ­тау қызметіне қол жеткізудегі алшақтық та айтарлықтай ұлғайды. Ауылдық және оң­түстік аудандарда кедейлік деңгейі өсіп, 2010 жыл­дардың аяғында халықтың 12 пайызын қам­тыды. Ал ірі мегаполистерде бұл көрсет­кіш 5 пайызға тең болатын.
Жалпы, экономикалық, қаржылық, адами және инфрақұрылымдық белсенділік екі ірі қала Астана мен Алматыда шоғырланды. Мұн­дай жағдай осы қалалар мен елдің басқа өңір­лері арасында өмір сүру деңгейі, мүм­кіндіктер, көрсетілетін қызметтер сапасы бойын­ша орасан зор алшақтық тудырды.
Соның салдарынан демографиялық және кө­ші-қон мәселелері ушықты. Жастар білім, жұ­мыс іздеп және өмір сүру деңгейін арттыру үшін ауылдардан қалаларға, облыс орта­лық­тарынан мегаполистерге ағылды. Нәти­же­сін­де, миллионнан астам тұрғыны бар қалаларда көші-қон көрсеткіші бұрынғыдан да арта түс­ті. Мәселен, кейінгі жылдары Астана хал­қы­ның саны 250-300 мың адамға көбейген. Осыған орай бүгінде халқының саны ресми түрде 1,5 миллион болып саналатын елор­да­ның инфрақұрылымы күн сайын 2 миллионға жуық адамға қызмет көрсетуге мәжбүр.
Солтүстік аймақтар халықтың үдере кө­шуі­нен зардап шекті. Бұл демографияны, әлеу­­­меттік инфрақұрылымды және эконо­ми­калық әлеуетті әлсіретті. Ал жер мен судың тап­шылығы сезілетін, халық тығыз қоныс­тан­ған оңтүстікте туу деңгейі жоғары көрсет­кіш­ке жетіп, әлеуметтік шиеленіс күшейді.
Өңірлердің дамуындағы проблемалар мен сын-қатерлер бір-бірін одан әрі ушық­ты­рып, 30 жыл ішінде қарама-қайшы жүйеге ай­­­налды. Сондықтан шегіне жеткен жекелеген мә­селелерді басқаларынан бөлек шешу әре­кет­тері тұрақты нәтиже бермеді.
Сол себепті өңірлерді дамытудағы нақты жүйе­лі тәсіл Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформаторлық күн тәртібіндегі маңызды тармақтардың біріне ай­налды.
Басты қағидат: ондаған жыл бойы қор­да­ланған проблемалардың тамырына бірден бал­та шаппай, ширатылған жіпті біртіндеп тар­қату еді. Бұл – өрт сөндіргендей, қас-қа­ғым сәтте нәтиже беретін дағдарыс-менедж­мент емес, барлық деңгейде бүкіл проблеманы түп-тамырымен жоятын берік негізді жүйе құру деген сөз. Алысты көздеп, есептеп жасал­ған жүйелілік, ауқымдылық және кезеңділік Президент Тоқаевтың өңірлік реформасының үш алтын қазығы болды.

 

ЖҮЙЕЛІ ТӘСІЛ

Осы мақаланы жазған кезде Әділетті Қа­зақ­стан құрудың барлық жеті жылы ішіндегі әрбір бағыт, әрбір қадам, қойылған әрбір мін­дет әрдайым концептуалды көзқарас пен жүйе­лі жоспарлауға табан тірейтініне көз жет­кіздім. Алдымен – тұжырымдама, жоспар, бағ­дарлама; содан кейін – түзету, нәтиже. Бұл тә­сілді салалық жобаларға да, өңірлерді жал­пы кешенді дамытуға да бірдей қолдануға бо­лады.
Мемлекет басшысы 2020 жылдың қыр­күйе­гінде-ақ жүйелі реформаларды қолға алып, теңгерімді аумақтық дамуды міндет етіп белгіледі. Бұл бағыт мемлекеттік бас­қару­дың жаңа моделі мен жаһандық сын-қатер жағ­дайындағы экономикалық бағдардан кейін бірден бірінші кезектегі аса маңызды үш мәселені қамтиды.
Президентіміз бұл жерде жекелеген проб­ле­маларды көрсетіп қана қоймай, елдің ау­мақ­тық және кеңістіктік дамуындағы тәсіл­дер­ді барынша қайта құру қажет екенін атап көр­сетеді. Мемлекет басшысы экономикалық және мемлекеттік қызметтердің сапасы мен өмір сүру деңгейінің алшақтығы жағынан ай­мақтардың айырмашылықтарын мойын­дай отырып, өңірлік саясаттағы жаңа тәсілдің не­гізгі элементін айқындап берді. Ол – аумақ­тық дамуды Қазақстан өңірлерінің бәсекелес­тік артықшылықтарын ескере отырып құру.
Бұдан басқа, өңірді дамытудағы жаңа тә­сіл басқарылатын урбанизация мүмкін­дік­терін ашты, «көші-қон легінің» кезеңділігіне жағ­дай жасады. Бұл қадам ірі қалаларда ха­лық­тың тым көбеюіне жол бермеуге, әлеу­мет­тік шиеленісті болдырмауға ықпал етті. Со­ны­мен бірге ауылдың әлеуетін толық ашу стра­тегиялық маңызды міндет ретінде жария­ланды.
Бір жылдан кейін, яғни 2021 жылы бұл тә­сілдер «Халық бірлігі және жүйелі рефор­малар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауда толықтырылды. Мұнда өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы тең­ге­рімсіздікті төмендетуге баса мән берілді. Бұ­дан басқа, Қасым-Жомарт Кемелұлы әкім­дер­дің жергілікті бизнесті дамытуға мүдделі болуымен, инвестициялар ағыны мен салық­тық базаны ұлғайтумен қатар жүретін өңір­лер­дің қаржылық дербестігін арттыру мәсе­лесін көтерді.
Мемлекет басшысы урбанизацияның ор­нықты трендін ескере отырып, Агломерация­ларды дамыту туралы заң әзірлеуді тапсырды. Ол 2023 жылғы қаңтарда қабылданды. Прези­дентіміз миллион тұрғыны бар қалалар жаһан­дық бәсекеге деген қабілеттің негізіне, ал облыс орталықтары өңірлердің өсу нүкте­сіне айналуы керек екенін атап көрсетті. Бұл рет­те моноқалалардың одан әрі дамуына қа­тысты ойластырылған шешімдер қажет еке­ні анық.

SUCCESS STORY

…Бірде Орал қаласында жастармен кез­дескен кезімде мені бір қыздың өмір жо­лын таңдау туралы әңгімесі таңғалдырды. Шәрипа Базарбаева Астанада журналист ма­мандығы бойынша білім алып, туған қа­ласында жергілікті телеарнаға жұмысқа ор­наласады. Тұрмыс құрады. Бірақ бір сәтте өмі­ріне мән беретін ең маңызды нәрсені уы­сынан шығарып алғандай сезім пайда бо­лады. Ойлана келе жас жұбайлар «қырға кету», шалғай жерге бару, фермерлік шаруа­шылықпен айналысып, өз қолдарымен тапқан табыспен өмір сүру туралы шешім қа­былдайды.
Қазір олар туған жердің қасиетін бойы­на сіңіріп, өз ісін дөңгелетіп, мал шаруа­шы­лы­ғымен айналысып, мағыналы өмір сүріп отыр. Алған білімі де пайдаға жараған. Шә­рипа Instagram-да блог жүргізіп, ауыл өмірі жайында рилстер жариялайды. Оның мұндай контенттері ауыл тіршілігінен алыс мыңдаған адамның қызығушылығын туды­рып, көпшіліктің назарын аударды.
Бұл – стереотиптерді бұзу және ауылға де­ген жаңа көзқарастың қалыптасуы ту­ралы оқиға. Ауыл жайлы өмір сүруге, жақсы жұ­мыс істеуге және бақытты ұрпақ өсіруге болатын тамаша орын екенін дәлелдейді.
Сондай-ақ бұл – болашақ туралы оқиға. Ауыл мен шалғай елді мекендер бастама­шыл әрі батыл адамдар үшін өзін-өзі қам­та­масыз ете алатын орталыққа айна­ла­ты­ны туралы нақты мысал. Мұнда, бұрын­ғы­дай, ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың шынайы құндылықтары жаңа сипатта жаң­ғырып, мән-мағынасын жоғалтпай, ұр­пақтан-ұрпаққа жетіп, жалғаса береді.
Ауылдың шынайы дамуы – тек эконо­ми­калық, әлеуметтік немесе инфрақұры­лым­дық мәселелерді шешумен шектелмейді. Адам өмірі үшін аса маңызды осы мате­риал­дық негіздердің артында тағы бір, ма­териалдық емес ең басты құндылық тұр. Ол – біздің ұлттық бірегейлігімізді қа­лыптастыратын рухани бастауларды сақ­тау. Дәл осы рухани негіздер ХХІ ғасырда ұлттың жаңғыруы мен өрлеуінің берік кепілі болмақ.
Бұл қиялдан туған құрғақ сөз де, «пат­риоттық» тұмар да емес. Жоқ. Бұл – 20 миллион «Мен» деген дауысты бір­­тұтас «Біз» деген үнге біріктіретін жа­зыл­маған ереже, құндылықтар, әдеп нор­малары мен мәдени парадигмалар кодексі іспеттес шындық.
Ауыл біздің бірегейлігімізді бекем­дейтін, ұлттың сыртқы ортамен араласып кетуіне жол бермей, аласапыранға қарсы тұратын күш болып қала бермек.
Көпшілік пікірге қарамастан, бұл кер­тартпа күш емес, ілгерілеу күші екенін үне­мі назарда ұстауымыз керек. Мұндай күш Кеңес заманында шалғай ауылдардағы ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызды білім мен табыс жолына жетеледі. Ондаған жылдан кейін осы күш мыңдаған жасқа 86-ның қаһарлы желтоқсанында бас көтер­тіп, Тәуелсіздікке жеткізді, егемен еліміздің іргетасын қалады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әді­летті Қазақстан құру жолындағы ре­фор­­малары – осы күшке жетелейтін қадам. Ол – қуатты өңірлерден мықты ұлт бола­ша­ғына бастайтын қарышты қадам.
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *