Ювеналды полиция инспекторы Диас Парижжанмен сұхбат
Қазіргі таңда жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа бейімділігі Рудный қаласындаөзекті мәселе болып отыр. 23:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілініңбақылауынсыз көшеде болу, компьютерлік клубтар мен ойын орталықтарында ұзақуақыт өткізу сияқты құқық бұзушылықтар жиі кездеседі. Осыған байланысты Рудный қаласының ювеналды полиция инспекторы, аға лейтенант Диас Парижжанменсұхбаттастық.
Ол жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі, ата-аналардың ролі, сондай-ақ мектепканикулдарының қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағыпрофилактикалық шаралар туралы айтып берді. Сұхбат барысында жасөспірімдерарасындағы құқық бұзушылық себептері, олардың полицияға деген көзқарасы жәнеата-аналарға арналған маңызды кеңестер қарастырылды.
– Қазіргі кезде ең өзекті құқық бұзушылық – 23:00-ден кейін ата-анасының немесезаңды өкілінің бақылауынсыз көшеде болу. Бұл әрекет Қазақстан РеспубликасыныңӘкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының бірінші бөліміменреттеледі. Бірінші рет анықталған жағдайда жасөспірімге ескерту беріледі, екіншіретте әкімшілік айыппұл салынады (5 АЕК), ал егер құқық бұзушылық бірнеше ретқайталанса, іс сотқа жолданады. Сол сияқты компьютерлік клубтар, плейстейшн-клубтар және кинотеатрларда жасөспірімдердің болуына қатысты да әкімшілікжауапкершілік қарастырылған – 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Мұндайжағдайда заңды өкілдер жауапқа тартылады, себебі жасөспірімдер құқық субъектісіболып табылмайды.
– Жеке жауапкершілік неше жастан басталады?
– Қазақстанда толық жастағы азаматтық жауапкершілік 18 жасынан басталады. Алайда жасөспірімдер 16 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартыла алады, мысалы, ұрыс-керіс кезінде. Сондықтан ата-аналардың бала әрекеттеріне қатысуыміндетті.
Инспектор атап өткендей, соңғы жылдары бұл құқық бұзушылық түрі қаламектептерінде ең жиі тіркелетін жағдайлардың бірі болып отыр. Мысалы, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 12-16 жас аралығындағы 35 оқушы 23:00-ден кейін көшеде болғаны үшін ескерту алды, ал 8 бала әкімшілік айыппұлмен жазаланған.
– Ювеналды полиция қандай профилактикалық шараларды қолдануда?
– Жыл бойына жоспарланған профилактикалық іс-шаралар бар. Олар әр мектепкебөлініп, бесінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушылармен жеке және топтықәңгімелер жүргізеді. Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелікинспекторлар қатысады. Мобильді топтар құрылып, олар ювеналды полиция, опека органдары және прокуратура қызметкерлерінен тұрады. Бұл топтар жасөспірімдердіңқұқық бұзушылықтарға бейімділігін анықтап, профилактикалық жұмыс жүргізеді.
Мектептерде комиссиялар бар, олар құқық бұзушылыққа бейім балалармен жұмысістейді. Егер оқушы мектепке бармаса немесе сабақтан қашса, мектеп бізбен бірлесіпәрекет етеді. Қажет болса, бала арнайы мектепке немесе психологқа жіберіледі. Біздіңжұмысымыз карательдік емес, профилактикалық сипатқа ие: біз ата-аналарды жәнебалаларды дұрыс жолға бағыттауға тырысамыз.
– Ата-аналарға қандай кеңес бересіз?
– Балаларды құқық бұзушылықтардан сақтаңыздар, үйде қауіпсіздік шараларынқолданыңыздар: терезелерді бекітіңіз, балаларды өз бетімен өзенге немесе балықаулауға жібермеңіз, 23:00-ден кейін көшеде жүрмеуге үйретіңіз. Өмір мен денсаулықтек ата-аналардың бақылауында екенін ұмытпаңыздар.
Балалардың қауіпсіздігі және олардың дұрыс тәрбиеленуі — тек полицияның ғана емес, әр отбасының да жауапкершілігі. Ата-аналар өз бақылауларын күшейтіп, балаларыменашық сөйлесіп, олардың бос уақытын қауіпсіз әрі пайдалы өткізуге көңіл бөлуі қажет.
суретті түсіргенАйбар БЕРІК