Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңартылған ережелерін іске асыру аясындағы реформаларға ерекше назар аударылды.

Соңғы жылдары елімізде ашықтық, әділдік және білімнің қолжетімділігі қағидаттары белсенді түрде нығайып келеді. Конституциялық өзгерістер мен онымен байланысты мемлекеттік бастамалар білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға, университеттердің академиялық еркіндігін қолдауға және студенттер мен жас зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған.

Рудный индустриялық университеті – өңірдегі жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі. Мұнда Қазақстанның өнеркәсібі мен экономикасы үшін мамандар даярланады. Жоғары білімді дамыту және ғылыми зерттеулерді қолдау еліміздегі конституциялық реформаларда айқындалған міндеттермен тікелей үндеседі.