«Tugan qala»-ға үлес қос!

ERG компаниясы осыдан 2 жыл бұрын қолға алған «Берекелі бастама – Городская инициатива» жобасы «Tugan qala» деген жаңа атаумен қайта түледі.

 Бұл бастама моноқала – Рудный тұрғындарының өздеріне қандай инфрақұрылымдық нысан немесе қандай оқиғалық шаралар ұйымдастырылуы тиіс екенін өздері анықтауына жол ашты. Тұрғындар алдымен өз идеяларын ұсынады. Нысанның қызметі мен оның сыртқы көрінісін жобалайды. Кейін ұсынылған жобалар арасынан жүзеге асырылатынын да өздері таңдап алады. Жеңімпаз жобаларды ERG қаржыландырып, 2023 жылы әкімдік жүзеге асырады.

«Tugan qala» жобасының 16 бағыты бар:

(a) аумақты көгалдандыру;

(b) тротуарлар салу;

(c) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;

(d) ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;

(e) жиектерді, кеспе тастарды, тіреу қабырғаларын жөндеу;

(f) қоқыс үйінділерін жою;

(g) көпшілік пайдаланатын орындарда балалар ойындары және ересектердің демалысына арналған күркелерді, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, жабдықтар мен конструкцияларды орнату және жөндеу;

(h) аула аумақтарында және көпшілік пайдаланатын орындарда спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалардың ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;

(i) тарихи және мәдени мұра объектілерін (ескерткіштерді, табиғи объектілерді, бірегей ландшафттарды және т. б.) салу, жөндеу және абаттандыру;

(j) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелері пайдаланатын объектілерді абаттандыру;

(k) автомобиль жолдарын, құламаларды, өтпе жолдар мен тұрақ орындарын жөндеу және абаттандыру;

(l) қоғамдық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі объектілерді, құрылғыларды және инфрақұрылымды жөндеу;

(m) азаматтардың қоғамдық көлікті пайдалануын қамтамасыз ететін объектілерді салу, жөндеу және абаттандыру;

(n) елді мекендерді сумен жабдықтау объектілерін жөндеу және абаттандыру

(o) қоқысты жинау және сақтау орындарын салу және жайластыру;

(p) зираттар мен өзге де жерлеу орындарын жайластыру.

Бір жобаны іске асыру құны 9 (тоғыз) миллион теңгеден аспайды. Әзірге tugan-qala.kz/rudny сайтында кеншілер қаласы бойынша 13 идея ұсынылды. Олар: Лиза Чайкина көшесін жарықтандыру, қоқыс алаңдарын орнату, жекеменшік секторды абаттандыру, орталықта субіркегі бар скверді салу, құтқарушыларға ескерткіш орнату, «Орман саябағы» типті серуендеу аймағын құру тағысын тағыларү

«Tugan qala» бастамасы тек жаңа нысандардың бой көтеруіне септесумен шектелмей, қаладағы қазір өзекті инфрақұрылымдық мәселелерді шешеді. Бірлескен жұмыс туған қаланы көркейтіп, бизнес, әкімдік пен тұрғындарды ортақ іске, барынша ұйыстырады.

Ендеше СЕН де берекелі бастамадан құр қалма. Өз бағытыңды таңда және ойыңды ұсын!

Айдын АСҚАР

газета «Рудненский рабочий»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *