XXXVI «Өнеріміз саған, Қазақстан» атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалінде Рудный қаласы I орынға ие болды

Фестиваль мақсаты – қазақ халқының өнері мен мәдениетін Қазақстанда тұратын этностық топтар арасында жан-жақты насихаттау және дамыту, этностар арасында қазақ халқының дәстүрлі өнерін жетік меңгерген талант иелерін анықтау, халық бірлігін, достығын және патриотизмін нығайту.

Көрермендер сахнада сан түрлі бағыттағы өнерді тамашалады. Мұнда мың бұралған би де, күмбірлеген күй де, әуезді әсем ән де әрбір адамның жүрегіне жол таба білді. Айта кету керек, көбіне ұлттық нақыштағы шығармалар орындалды. Қостанай қаласы өнерпаздарының есеп беру байқауын қазылар алқасы да, көрермендер де жоғары бағалады.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *