Алғашқы «қысқы» ҰБТ қорытындылары шықты

2024 жылдың алғашқы ұлттық бір ыңғай тестілеуі басталды. Тестілеуге қатысу үшін өтініш қабылдау 29 желтоқсанда басталып, 6 қаңтарға дейін жалғасты. ҰБТ-ға тіркелу ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізілді. Тестілеу18 қаңтардан 10 ақпанға дейін өтеді.

Ұлттық тестілеу кезеңі баланың білім деңгейін тексеруге мүмкіндік береді.

Оның ережесі Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен айқындалып, жыл сайын жаңаша түрленіп келеді. Бүгінде талапкер тестілеуді жылына 5 рет өтуге құқылы. Солардың бірі қаңтар айында.

Оны сәтті тапсырған тестілеуші өз қалауымен шартты түрде «ақылы» негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданады. Көп жағдайда жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

Талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және орның өздері таңдайды. Тестілеу құны — 5640 теңге. Биылғы жылы тестілеу пункті Қостанай, Арқалық және Рудный қалаларында ашылып, орындар толыққанды жетіліп қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта елімізде 136 мың адам тіркелсе, қаламыздың 547 түлектен 375-і тіркелді. Бұл қатысу пайызы: 68,6%. ҰБТдағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда, «оқу сауаттылығы» мен «математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұратын болады. Атап өтейін, бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады. Осылайша, тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады. Жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды. Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек, — деді Рудный қаласының білім бөлімінің басшысы Темурхан Жайлибаев сұхбат барысында.

Сондай-ақ, тіргкелген барлық талапкерлерге ҰБТ уақытын еске салатын SMS хабарлама жіберіледі. Мұндай хабарламалар кәмелетке толмаған тестіленушілердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне де жолданады. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ҰБТ тапсырушылар тестілеу өткізілетін күнді, уақытты және орынды ұмытып кетуі немесе шатастырып алуы мүмкін. Әсіресе, тіркелу барысында бірнеше рет өзгерту енгізетін талапкерлер арасында осындай жағдайлар кездеседі.

Бұл ретте тестілеуге қатысу үшін өтініш берген кезде талапкерлер өздері үшін қолайлы тест өткізу параметрлерін таңдауға мүмкіндігі бар екенін атап өткен жөн. Бірде-бір талапкер маңызды емтиханды жіберіп алмауы үшін Ұлттық тестілеу орталығы өткізілетін күннен бір күн бұрын әрбір тестіленушінің нөміріне SMS хабарлама жібереді.

Тестілеу кезінде қатысушыларға өзінмен бірге жеке куәлік, қалам, су және шоколад алып кіруге рұқсат етілген. Ал парақтар, оқулықтар мен кітаптар, смарт сағаты, ұялы телефондар т.б. сияқты бөгде заттарды кіргізуге тыйым салынады. Атап өтсек, ҰБТ барысында калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі компьютер экранында көрсетіледі. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат аппеляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Жадыра ЕРТАЕВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *