Ана күні

Халықаралық әйелдер күні — әр жылы 8 наурызда тойланатын мейрам. Тарихта әйелдердің теңқұқықтық пен эмансипация жолындағы күресіндегі ынтымақтастық күні ретінде пайда болды . 1975 жыл — Халықаралық әйелдер жылы боп аталғаннан кейін, сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде наурыздың 8-ші күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекітті. Рудный қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі, жергілікті ақынымыз Сүндет Ұбайұлы барша нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, кезекті туындысынмен бөлісті.

Ана күні

Сөзіне құлақ салсақ даналардың,

Анаға жыр арнайды, ақындарым.

Бүгінгі күн ерекше, берекелі,

Құтты болсын мерекең аналарым!

 

Дүниеде қымбат жансың мейірімді,

Күн шуағы жүзіңнен таралатын.

Құттықтап жатыр міне, мерекеңмен,

Ағайын, туған туыс, бауырларың.

 

Бесікте тәриелеп барша жанды,

Көз ілмей аттырғансың, талай таңды.

Дүниеде не қымбат? – дегендерге,

Байлығым сол! – дер едім, «аналарым».

 

Ақылшы, кеңесші ғой! – ана деген,

Өнегесін алатын, ұл-қыздарым.

Жүз он төрт жыл, бүгінгі мерекеңе,

Тарту етіп беретін, сыйлықтарын.

 

Мың бұралып, билеген қыздарымның,

Сәніне қарап халқым қуанатын.

Қолына ұстап алып, гүл шоқтарын,

Аналарға ұсынып, тапсыратын.

 

Аймен-Күндей жарқырап, сахналарда,

Тыңдарманды тамсантып, ән салатын.

Домбырада күй шертіп, ұл-қызымыз,

Кейбірі термелетіп, жыр қосатын.

 

«Ана!» деген үш әріп болғанымен,

Ұлы сөзді, мән беріп ұғынатын.

Кларадай дана әжем,жария еткен,

Сегізінші март күні тойланатын.

 

Аман болсын, әрқашан аналарым,

Шат күлкі жүздеріңнен арылмасын.

Арманы ұл-қызымның орындалып,

Қызықты, думан-тойың тарқамасын!

 

Сүндет МОЛДАШЕВ,

Ардагер ұстаз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *