Қаламызда Наурыз мейрамы қалай тойланады?

Мәдениет мекемелерінде ағымдағы жылдың Наурыз мейрамына арналған бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Осы жайлы қала әкімдігінде өткен жиында «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Мырзабаева Жанат Қазбекқызы атап өтті.

Наурыз айындағы іс-шаралар қатарында 2024 жылдың 11-17 күндері масленица аптасы өтеді. Биыл ол 17 наурызда сағат 12.00-де мәдениет және демалыс саябағында «Қысты шығарып салу» ретінде атап өтіледі.

Рудный қаласында Наурыз мейрамын тойлау 14 наурыз бен 23 наурыз аралығында басталады. Бұл көне дәстүр сабақтастығының белгісі саналатын, ұлттық мәдениетіміздің қайта түлеген ерекше мереке. Халық арасында бұл мереке ұлттық таным бойынша үйге жыл бойы молшылық пен сәттілік әкеледі деген сенім бар.  Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Құт мерекем – Наурыз!!» мереке тұжырымдамасын дайындап, Наурыз мерекесін дайындау және өткізу жоспарын жасады. Онда әр салаға арналған міндеттер мен орындау мерзімдері егжей-тегжейлі ұсынылған:

14 наурыз – «Сәлемдесу күні»,

15 наурыз – «Қуаныш күні»,

16 наурыз – «тазарту күні»,

17 Наурыз – «Молшылық күні»,

18 наурыз – Отбасы күні»,

19 наурыз – «Игі істер Күні»,

20 наурыз –  «Спорт күні»,

21 наурыз – «Мереке және достық күні»,

22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»,

23 наурыз – «Құрмет күні».

Қалада Наурызды мерекелеу 22 наурыз сағат 10.00-ден бастап Орталық алаңда жоспарланған.

Осылайша, 2024 жылғы 19 наурыздан бастап номинациялардың келесі тақырыптары бойынша 5-6 киіз үй алаңын орнату және рәсімдеу ұсынылады:

  • 1.Мәдениет — «Этно ауыл «(халық әндері, би, терме, күй, ән-шашу)
  1. Спорт – «Жүзден жүйрік ата» (ұлттық ойындардың түрлерін көрсету-асық ату, қол күрес, тоғызқұмалақ, спорттық жарыстар-арқан тарту, қазақша күрес, қой көтеру және т. б.)
  2. Білім — «Атадан қалған асыл сөз» (көркем оқу, Наурыз мерекесінің тарихы, тағамдар, ауызша жарыстар, айтыс және т. б.)
  3. Қандастар «Қол өнер-зор өнер «(текемет басу, ұршық иіру, көрпе тігу, қамшы өру, қыз жасауын тігу, ұлттық киімдер тігу)
  • 5.»Жастар қанаты» колледждері (ұлттық ойындардың көрсетілімі — сақина салмақ, алтыбақан, шаш өру және т. б.)
  1. «Келешегі кемелді қала» комбинаты (пайдалы қазбалар туралы ақпаратты ресімдеу және таныстыру, қаланың болашағы туралы әңгіме, Қазақстан халқының достығын көрсету: әндер, билер, попурри және т. б.)

Іс-шараның мәдени бөлігі бірнеше блоктарды қамтиды: театр көрінісі, мерекелік концерт, әртүрлі форматтағы іс-шаралар.

Горняцк кентінде Наурыз мейрамын тойлау 19 наурызда, Қашар кентінде 21 наурызда Рудный қаласы мен Қашар кентінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен жоспарлануда.

Жадыра ЕРТАЕВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *