1-сыныпқа дайындық деңгейіне қарамастан 6 жасқа толған немесе ағымдағы күнтізбелік жылы толатын балалар қабылданады.

«Құжаттарды egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады, бұл ретте ата-анаға немесе заңды өкілге «жеке кабинетке» ЭЦҚ — мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, — деп атап өтті Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл СЮНДИКОВА. — Сондай-ақ «SAKURA: электрондық мектеп» электрондық порталы арқылы өтініш беруге болады.

Егер бұрын қабылдау мерзімі 1 сәуірден 1 тамызға дейін жүзеге асырылса, енді құжаттарды қабылдау 31 тамызға дейін өтеді.

Инновациялық мектептердің бірінші сыныбына балаларды қабылдау биылдан бастап өзгертілді-бірінші сыныпқа түсу үшін емтихандар, оның ішінде әңгімелесу және тестілеу түрінде толығымен алынып тасталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *