Жастар үшін үлкен мүмкіндік

19 наурызда өтетін парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депуттарының кезектен тыс сайлауының жаңа форматы қазақстандағы саяси жүйенің демократиялануының көрсеткіші саналады. Мұндай оймен қаламыздағы белсенді жастар да келіседі. Солардың бірі, Қазыбек Нұрғожин, сайлау жастарға үлкен мүмкіндік деп мәлімдеді.

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 25 күн қалды. Саяси науқанға жеті партия қатысады. Конституцияға енгізілген өзгерістерге байланысты рәсім бәсекеге қабілетті болады деп күтілуде. Бұл пікірмен қалалық жастар ресурстық орталығының әдіскері Қазыбек Нұрғожин да келіседі

«19 наурызда Қазақстан Республикасының мәжіліс және маслихат депутаттарын сайлауы өтеді. Бұл жан-жақты даму үстіндегі Жаңа Қазақстанға пайдалы деп есептеймін. Өйткені, қазіргі сайлауда біршама оң өзгерістер бар. Мәселен, төменгі дауыстың шегі 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендеді. Сонымен қатар, депутаттық мандаттың 30 пайызын әйелдер, жастар және де ерекше қажеттілігі бар жандарға беру заң жүзінде бекітіліген екен. Мұның бәрі саясатқа жаңа жас буынның және әртүрлі көзқарастағы адамдардың келуіне себепші деп ойлаймын», — деді қалалық жастар қозғалысының белсенді қатысушысы.

Орталық сайлау комиссиясының қазіргі дерегі бойынша мәжілістегі бір орынға бір кандидаттан, ал мәслисхаттағы бір орынға 10 адамға дейін таласады. Бір мандаттық округпен келген депутаттарға халықтың көңілі толмаса, орнын босатады.

«Қазір сайлауға жастардың көзқарасы төмендеген. Сайлаудың әділ екенін бәріңе дәлелдеу қажет. Саясатқа жас буынның келуіне ықпал еткен жөн. Сол себепті, барлық жастарды сайлаудан қалыс қалмауға шақырамын. Қазіргі таңда, менің ойымша, сайлауда барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Сонымен қатар, былтырдан бастап бюллетеньде «Бәріне қарсымын» тармағы енгізілді. Бұл — өте дұрыс шешім. Сіздерді ел тағдырына бей-жай қарамай, жауапкершілік танытып, азаматтық борыштарыңызды өтеуге шақырмақпын», — деді Қазыбек Нұрғожин.

Сөз соңында Қазыбек Мархабатұлы алдағы өтетін сайлауда белсенділік танытып, қоғам арасында қолдаушылары бар жастардың қатысқанын қалайтынын жеткізді. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік. «Ел үшін пайда» дейді ол. Қазір еліміздегі жастардың саны 6 млн-ға жуықтаған. Мемлекеттің тірегі ретінде тек қана оң өзгерістердің болғанын қалайтын жастар депутаттардың қатарынан табылады деп сенеміз.

Зерде Жеңіс

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *