Оқушылардың саптық байқауы өтті

Қаламыздағы бірқатар оқу орындарында саптық шеру өткізілді. Әскери патриоттық іс шара отан қорғаушылар күні мен Ұлы жеңістің 78 жылдығына орайластырылған.

 Дәстүрлі түрде Бейімбет Майлин атындағы № 7 мектеп гимназиясында саптық шеру өткізілді. Әскери патриоттық іс шара 5-8 сынып арасында өткен. Саптық шерудің мақсаты — жас  ұрпақтың еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ол дәстүрлі түрде Отан қорғаушылар күні қарсаңында өткізіледі. Іс шара көк байрағымызды ортаға алдыртумен басталды. Одан кейін мемлекеттік әнұран шырқалып, жарысқа қатысушы командалар жеребе арқылы қай нөмірмен шығатындығын анықтады. Әділ қазылар алқасы әскер қатарында қызмет еткен тәжірбиелі мектеп мұғалімдерден жасақталған.

«Жыл сайынғы студенттердің отансүйгіштік пен патриотизмге арналған саптық ән байқауы биылғы жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күні өтті. Оған бесінші және сегізінші сыныптардан 18 сынып, 290-ға жуық оқушылары қатысты», — деді алғашқы әскери дайындық мұғалімі Кәрім Әмірғали.

Оқушылар патриоттық ән байқаудың дайындығына 1 айға жуық уақыт жұмсағандарын айтады. Олар аталмыш іс шара Отан қорғауға және олардың бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсауға тәрбиелеуге ықпалы зор есептейді.

«Біздің сыныптан сегіз оқушы қатысып, «Атамекен» әнін орындадық. Бұл білім алушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятуға септігін тигізеді. Мен болашақта заңгер мамандығына түсуді жоспарлап отырмын. Сондықтан мұндай шараларды қолдаймын және белсенді қатысамын», — деді 8-сынып оқушысы Таукен Ақниет.

«Дәл қазір біздің мектепте Жеңіс күніне орай «Жас сарбаз» ән байқауы өтуде. Бұл байқау жыл сайын өткізіліп тұрады. Оның негізгі мақсаты —  жас ұрпақты патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Біздің осы тәуелсіз мемлекетте тұрып жатқанымызға ата-бабаларымыз үлкен үлес қосқан. Біз оларды ешқашан естен шығармаймыз», — деді 8-сынып оқушысы Альбина Төлебаева.

Аталмыш іс-шара Әлихан Бөкейхенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде де өткізілді. Мектеп басшысы Жанар Ембергенова  бейбіт өмірдің сақшыларын мерекемен құттықтады.

«Мектебімізде «Еркін елдің ұланымыз» тақырыбында  8-10 сыныптар арасында  саптық шеру  өткізілді. Мерекелік шара мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Салтанатты саптық шеруге  Қашар кентінің №13 өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау старшинасының аға шебері Бектасов Кәмеш Сырымбетович, бөлімше командирі Бутикенов Еркін Курмангалиевич және Қашар кентінің полиция инспекторы Нурканов Жеңіс Багитбекович  қатысты»,- дейді мектеп директоры.

Сайыс қорытындысы бойынша саптық жарғы бойынша элементтерді орындау, саптық қалыппен салтанатты шеру жасап сәлемдесу және ән байқауы номиниацияның иегерлері белгілі болды. Ол сыныптың сыртқы киімі, саппен қозғалысы, ән айтуы, орында бұрылу қозғалыстарының дұрыс орындалуы бойынша анықталған. Саптық шеруге барлық оқушылар белсенді қатысып,өздерінің нағыз патриот екендіктерін көрсете білді.

Зерде Жеңіс

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *