Рудныйда жалпықалалық сенбілік өтеді

Рудный қаласының әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындарды 29–30 қыркүйекте өтетін жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырды.

Экологиялық-патриоттық «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылатын шараға жастар, еріктілер, кәсіпорындар мен ұйымдар жұмылдырылмақ. 29 қыркүйекте «Таза жағалау» акциясы өтсе, 29–30 қыркүйекте қала мекемелері өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізеді. Сенбілік сағат 15:00-де басталады.

«Таза қала – біздің мәдениетіміз бен бірлігіміздің айнасы. Әрбір тұрғынның қосқан үлесі Рудныйды жасыл әрі жайлы етуге бағытталады», – деп жазды қала әкімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *