Құрметті рудныйлықтар!
Сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – адал еңбектің қадірін айқындайтын, ел дамуына күнделікті еңбегімен үлес қосып жүрген азаматтарға деген ерекше құрметтің белгісі.
2025 жылдың Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жариялануы – Еңбек күнінің маңызын арттыра түсіп, еңбек адамының мәртебесін, кәсібилік пен шеберліктің ел экономикасының, тұрақтылық пен қоғам әл-ауқатының негізгі тірегі екенін көрсетеді.
Бүгін біз табандылықпен, жауапкершілікпен және адал еңбегімен Қазақстанның қуаты мен абыройын арттырып, қаламызды көркейтіп, болашағын қалыптастырып жүрген барлық жанды ұлықтаймыз.
Сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт, жаңа жетістіктер тілеймін! Еңбектеріңіздің жемісі Рудный қаласының да, Отанымыздың да өркендеуіне сеп бола берсін.