Рудныйда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бастау алды

Жаңа оқу жылы қарсаңында Рудный қалалық «Нұр» мешітінде дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Биылғы шара аясында 50 мектеп жасындағы балаға сөмке және оқу-құралдары табысталды.

Іс-шара барысында мешіттің наиб имамы Балғабай Оразханұлы балаларға сәттілік тілеп, жаңа оқу жылында табысқа жетуге, білімге құштар болып, қоғамға пайдалы азамат болып өсуге шақырды.

«Білім – адамның ең үлкен байлығы. Бүгінгі бүлдіршіндер – ертеңгі елдің тұтқасы. Сондықтан оларға қолдау көрсету – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның басты мақсаты – әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету, балалардың толыққанды білім алуына жағдай жасау. «Мектепке жол» акциясы жыл сайын өткізіліп келеді және дәстүрге айналған.

Көмек алған ата-аналар ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, игі істің балалар үшін үлкен демеу болғанын атап өтті.

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Білім ордаларына қадам басқалы отырған оқушылар үшін мұндай сыйлық ерекше қуаныш сыйлап, оқуға деген ынтасын арттырмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *