2026 жылғы 16 наурызда Рудный индустриялық университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдум қорытындыларына арналған «Жаңа Конституция – сұрақтарға жауап» тақырыбында талқылаумен өткен интерактивті дәріс ұйымдастырылды. Дәрістің спикері ретінде «РИУ» ректоры Сапарходжаев Н.П. сөз сөйледі.
Кездесу барысында қатысушыларға қабылданған конституциялық өзгерістердің маңызы және олардың мемлекеттің әрі қарай дамуына тигізетін ықпалы туралы айтылды. Жаңа Конституция ең алдымен жастарға бағытталған. Негізгі заңға волонтерлік қызмет, ғылым, инновациялар және жасанды интеллект сияқты маңызды ұғымдар енгізілгені атап өтілді.
Рудный индустриялық университеті өңірдегі жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі ретінде білікті мамандар даярлауға және елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосып келеді.